Алғашқы құрлысшылар монументті. Архитекторлары: Б. Мұсат, Акиф Исмаилов. 29 қазан 1968 жылы БЛКЖО 30 жыл атындағы саябақта Балқаштың бірінші құрылысшыларына арналған ескерткіші ашылды. Ескерткіш 5 метрлік биіктіктегі жұмысшы фигурасынан тұрады. Жұмысшы қолында еліміздің бірінші бесжылдығының еңбек құралы күрек ұстатылған. Бірінші құрылысшының анық, нақты бедерленіп бейнеленген бейнесінен күш қуат, өзіндік нық сенім, қайыспас жігерлілік сезіледі. Оның қасында Балқаш мыс алыбының технологиялық жұмыс циклының түрлі сәттері бедерленіп көрсетілген қабырға орналасқан. Бірінші құрылысшылар ескерткішінің ашылуы кезінде 50 жылдан кейін өмір сүретін – БЛКЖО-ның 100 жылдығына орай - болашақ балқаштықтарға арнау хат қабылданды. Хат мәтіні салынған арнайы капсула ескерткіш тұғырының астына көмілді.