Бүгін музейде қаладағы орта кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттік топтары арасында 25-қазан Республика күніне орай «Бабалар мұрасы- халық қазынасы» байқау өтті. Байқау ІІІ кезеңнен тұрды. І-кезеңде Қоңырат мысты кен орнының ашылуы мен алғашқы Балқаш мысының алыну тарихына туралы болса, II кезең үй тапсырмасында әр топ Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің 50 жылдық мерейтойына қазақ халқының тарихын, өлке тарихын дәйектейтін музей құндылығы ретінде тіркеуге болатын бір бұйымды топ мүшелері қорғап, оның құнды экспонат ретінде маңыздылығын дәлелдеді. ІІІ кезең «Блиц турнир» - капитандар сайысында қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне қатысты сұрақтар қойылады.Жауаптың толықтылығы және нақтылығы ескеріледі. Нәтижесінде Бас жүлдеге -"Қазақмыс" политехникалық колледжі, I- дәрежелі дипломмен Балқаш көпсалалы колледжі II-дәрежелі дипломмен Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі ІІІ- дәрежелі дипломмен Балқаш медициналық колледжі және Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі ие болды. Қатысушылар «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің » сыйлықтарымен марапатталды.