Бүгін қалалық музейде Балқаштың тұрғыны, микроминиатюра шебері Николай Савидовтың «Ине көзіндегі ғажаптар» көрмесі ашылды. Николай Савидов еліміздегі осындай қиын және ерекше өнердің негізін қалаған, микроминиатюраны меңгерген жалғыз қазақстандық шебер. Н.Савидов микроминиатюрамен 1983 жылдан бастан шұғылданып келеді. Аттың бір тал қылына үш тілде мақал-мәтелдер сыйдырған, иненің көзіне шахмат пен түйелер керуенін орналастырған, күріш дәндеріне пілдерді, құстарды және теңіз тұрғындарын орналастырған. Бұл туындыларды тек микроскоппен 150-200 есеге ұлғайтып қана көруге болады. Шебердің коллекциясында 250-ден астам әртүрлі жұмыс түрлері бар.