Бүгін музейде қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің ең бекзат саласы - зергерлік өнеріне арналған «Қазақтың зергерлік бұйымдары» лекциясы болып өтті. Лекцияға қатысқан Балқаш сервис колледжінің студенттері лекция барысында қазақ зергерлік өнерінің пайда болу тегі мен оның өңірлік ерекшеліктері, пайдаланылуы мен жасалатын материалына байланысты әрқилы түрлерге жіктелетіні жайлы мағлұматтармен танысты. Сонымен бірге зергерлік бұйымдардың оның иесінің жас ерекшелігін, шыққан тегін, өскен ортасын айқындай әлеуметтік маркер ретіндегі ролі де аудитория тарапынан қызығушылыққа ие болды.