Еңбек күніне орай «Ер дәулеті - еңбек» тәрбиелік-танымдық шарасы болып өтті. Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 6 «Д» сыныбы оқушыларының қатысуымен өткен шараның мақсаты: еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беріп, оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болды. Шара барысында оқушылар киім өтектеу, көкөніс салаттарын жасау, іс тігу, түйме қадау сияқты күнделікті тұрмыстағы қажетті істерді атқара алу бойынша шеберліктерін көрсетті, еңбек туралы қанатты сөздер жайлы викториналық сұрақтарға жауап берді.