1953 жыл, 24 шілде – Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы З.Төлегеновтің мәліметінен: «Жаңадан ұйымдастырылған денсаулық сақтау мекемесі туралы: атауы – қалалық біріккен аурухана, төсек саны – 300. Негізгі құрылымдық бөліктері: терапиялық, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, жұқпалы аурулар бөлімдері. Мекен-жайы: Балқаш қаласы, аурухана қалашығы. Мекеменің ашылған күні – 1953 жылдың 4 тоқсаны. Левон Карапетович Аматуни бас дәрігер болып тағайындалды». 1991 жыл – Қалалық біріккен аурухана 6 қабатты ғимаратқа көшірілді. Жаңа ғимарат терапевтік, хирургиялық және қарқынды терапия бөлімдерін біріктірді. Неврологиялық және урологиялық бөлімшелер, операциялық бөлім және жедел жәрдем бөлмесі де осында ауыстырылды.