Балқаш қаласының 85 жылдығына орай музейде "Ең әдемі қала" атты балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге еркін сурет техникасымен орындалған А3 форматындағы қағазда түрлі-түсті жұмыстар қабылданды. Балалар жұмыстарын қарындаштар, фломастер, акварель бояулары арқылы ақ қағаз парағын түрлі-түсті суреттерге айналдырды. Көрмеге өнер мектебі тәрбиеленушілерінің 30-дан астам суреттері қойылды. Балалар суреттерде өз әсерлерімен бөлісіп, қылқалам арқылы туған қаласына деген сүйіспеншілігін жеткізді. Суреттерге қарап, сіз Балқаштың көрікті жерлерін бірден танисыз – бұл бұл шағын архитектуралық нысандар, "Т-34 танкі" ескерткіші, мәдениет сарайы, түтін мұржалары бар зауыт және қала көшелері.