Қараменде би ескерткіші 2012 жылы 17 қазанда Балқаш қаласының 75 жылдығына орай ашылды. Қараменде Шақаұлы қазақ халқының тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірі ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың аса ірі саяси қайраткерлерінің бірі. Қараменде бидің саяси әрекеттерінің шіндегі ең айтулысы ол ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысының басында Қытаймен соғыста толықтай жойылған Жоңғар елінен босаған Балқаш көлінің солтүстік жағалауына Шыңғыс тауының қойнауын жайлаған Тобықты руының бір бөлігін көшіріп алып келуі болатын.