Балқаш қаласының 85-жылдығына арналған «Тарихы терең Балқаш» лекциясына қатысқан оқушыларға Солтүстік Балқаш өңірінің өндірісті өлкеге айналу тарихының барысында іргетасы қаланып, Балқаш көлінің жағалаулық акваториясындағы ең ірі шаруашылық және мәдени маңызы зор елді мекенге айналған Балқаш қаласы тарихының ең жарқын беттері жайлы мәліметтер ұсынылды. Лекцияда берілген ақпараттарға қосымша осы шараға арнайы жасалған қосымша көрнекілік материалдары – кітаптар, БАҚ материалдары және слаид-шоу көрсетілді.