Балқаш қаласының 85-жылдығына арналған «Қариялар естелігіндегі қала тарихы» жобасының қыркүйек айындағы шығарылымында қала ардагері Сесорова Лидия Степановна өз естеліктерімен бөлісті. Балқаш қаласында 1950-ші жылдардан бастап тұратын Лидия Степановна Ескі алаң маңындағы көл жағалауындағы нысандар қай жылдары қалай пайда болғаны туралы, стадион, аурухана құрылыстары туралы қызықты деректермен бөлісіп, өзінің тұрғылықты жері – С.Мұхамеджанов мөлтек ауданында көпшілік білмейтін нысандар болып, сол нысандарда қазырғы таңда тұрғын үйлер орналасқанын пайымдады.