Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі - отбасы күні болып бекітілген. Айтулы күн биыл айдың 11-іне тұспа-тұс келіп отыр. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері осы мерекеге орай «Музейге отбасымен саяхат» атты отбасы құндылықтарын арттыруға бағытталған марафон ұйымдастырды. Осы ерекше демалыс күнінде марафонға №15 және №16 мектептің оқушылары мен ата-аналарынан 6 отбасы қатысты: Дайрабаевтар отбасы, Сериковтар отбасы, Таңат отбасы, Ербол отбасы, Слановтар отбасы, Жумабаевтар отбасы. Арналған бағдарламада 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде тапсырмалар берілді. «Сиқырлы жәшік» музейдің жәдігерлерін қолмен ұстап, тауып сипаттама беріп, сонымен қатар «Ақылдассаң, шешерсің» ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Ат салысқан отбасылар номинацияларға ие болды. Қатысушыларға естелік кәдесыйлар берілді. Іс-шара соңында І дәрежелі Сериковтар отбасы, ІІ дәрежелі Жумабаевтар отбасы, ІІІ дәрежелі Дайрабаевтар отбасы дипломдармен марапатталды.