Биыл Балқаш қаласының алғашқы қазақ мектебінің ашылғанына 90 жыл толуының аясында ұйымдастырылған іс шаралар айдарында 1996-2004 ж.ж. аралығында № 2 Абай атындағы лицейдің директоры болып қызмет атқарған, «ҚР білім беру ісінің үздігі» Күлшара Дәрібекованың еңбек жолымен көпшілікті таныстыруды жөн көрдік. Күлшара Дәрібекова басшылық атқарған жылдары №2 Абай атындағы мектеп облыс ішінде 30 мектептің арасында «Ең үздік инновациялық мектеп» номинациясы атағын жеңіп алған еді.