6 қыркүйектен бастап қалалық музейде «ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» Юрий Васильевич Лебедевтің туғанына 75 жыл толуына арналған көрме жұмыс жасайды. Көрме экспонаттары (грамоталар, дипломдар, фотосуреттер, газет басылымдары) негізінде келушілер спортшының өмірбаянымен танысып, мектеп жылдарында Ю.Лебедев "Металлург" стадионында жаттығуды бастағанын, жасөспірім кезінде әртүрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше рет жүлдегері болғаны туралы ақпарат алады. Ю.Лебедев қалалық білім беру жүйесіндегі еңбек жолын 1971 жылы бастайды, 1993 жылдан БЖСМ директоры қызметін атқарады. Ю.Лебедев - 400 м кедергілермен жүгіруден әлем рекордсмені - Маргарита Пономарева, Киевтегі алғашқы жасөспірімдер ойындарының үш дүркін қола жүлдегері – Лариса Курочкина, КСРО спорт шеберлері Галина Василишина және Олег Тимофеевтың жаттықтырушысы болған.