Іргетасы 1930-жылдары қаланған Балқаш қаласының халыққа орта білім беру ісі тарихының басында тұрған №1 жалпы білім беру мектебінің 90 жылдығына арналған «Ұстаздар- мектеп жүрегі» кездесуіне келген осы білім ошағының ардагерлері музыка пәнінің мұғалімі Нина Григорьевна Матвеева мен бастауыш сынып мұғалімі Алиса Витальевна Харина оқушылары мен әріптестерін еске алып, мектеп өмірінің қызықты сәттері жайлы естеліктерімен бөлісті.