«Табысты экспедиция» арнайы жобасы музей қорын толықтыру мақсатында жүргізілетін жинақтау жұмысының процесін көрсету. Музейдің жинақтау қызметі - бұл тұрақты қозғалыс: жергілікті тұрғындардан экспонаттар жинау, ауылдарға бару, ескі қоймаларды тінту және т.б. жұмыстар. Ескі тұрмыстық заттар немесе қоқыс деп санайтын қарапайым бұйымдар тарихи құндылыққа ие болуы мүмкін. Табысты экспедиция жобасының кезекті маршруты Балқаш қаласының оңтүстік-шығыс көл жағалауында орналасқанауылдарға түсті.