Бүгін қалалық музейде ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт – азаттық қозғалысының көрнекті тұлғасы, 1837-1847 жылдардағы К. Қасымов бастаған азаттық күресі жетекшілерінің бірі Ағыбай батырдың туғанына 220 – жыл толуына орай, ерлікке толы өмір жолына арналған «Ұлтына ұран болған ер Ағыбай» атты көрме материалдары негізінде экскурсия өтті. Көрмеге Ағыбай батырдың портреті, «Шашақты найза», «Ақжолтай Ағыбай батыр», «Ерлікке толы даламыз», «Біздің батыр бабамыз» кітаптары, газет басылымдары, журналдар, мерейтойлық төсбелгілер, вымпел және т.б. материалдар қойылған. Көрменің мақсаты: қазақ халқының тарихын және батырдың қаһармандық жолын, қазақ батырларының тарихтағы орнын көрсету.