Қазақ ұлттық музыка саласындағы ұлттық аспаптарды жинаушы, музыкатанушы Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған лекциясына Болат Сарыбаевтың өмірбаяны жайлы сыр шертіліп, оның қазақ ұлттық музыка аспаптарының жоқтаушысы ретіндегі еңбегі арқау етілді. Сондай –ақ, ұмыт болып, Б. Сарыбаевтың еңбегінің арқасында қалпына келтіріліп, қазақ музыка мәдениетіне қайта оралған - сазсырнай, қобыз,жетіген секілді аспаптардың тарихы жайлы мәліметтермен танысуға болады.