Музейде құрылысшылар күніне орай «Құрыш қолды құрылысшылар» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: қаламыздың негізін қалауға үлес қосқан алғашқы құрылысшылардың аттарын құрметпен еске алу, өнеркәсіп қаламыздың тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау. Қала тұрғындары алғашқы құрылысшылардың фотосуреттерін, мадақтама парақтарын, жұмыс құралдары, киімдерімен және газет матариалдарымен танысты. Алғашқы құрылысшылар өздерінің еңбегімен, күш – жігерлігімен, маңдай терлерін төгіп, шөл далада бүкіл әлемге белгілі Балқаш мыс зауытының құрылысын бастады, олардың есімдері қала тарихында алтын әріптерімен жазылып сақталды. Кеңес Одағында алып ауыр өнеркәсіптердің ешбірі де Балқаш құрылысы секілді ауыр жағдайда тұрғызылмаған еді.