28 шілдедегі «Тарих сағаты» қазақ халқының ХҮІІІ-ХІХ ғасырларды қамтыған отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресінің ішіндегі Үш Жүздің басын біріктірген ең ірі - 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған көтерілісінің 185 жылдығына арналды. Шараға қатысқан колледж студенттері көтерілістің барысы, тарихи маңызы және оның басшысы Кенесары хан мен оның айналасындағы батырлар жайлы ақпараттармен тереңірек танысты.