Балқаш музейінің кезекті қызметтік сапары қаланың бір бөлігінде орналасқан жұмысшылар қонысына түсті. Халық арасында «Рабочий поселок» деген атаумен белгілі жер. Неге бұл жерді таңдады десеңіздер? Оның басты себебі, жеке тұрғын үйлерден тұратын жұмысшылар қонысының негізгі тұрғындары ауылдан көшіп келген, дәстүрлі тұрмыс-тіршіліктің көптеген белгілерін сақтап қалған ауыл тұрғындары. Бүгінгі сапардың барысында барысында тұрмыстық және этнография заттардан бөлек жұмысшылар қонысындағы қариялар аузынан Орта жүз шежіресінің Балқаш өңірі даласының қоныстануы жөніндегі тарихи деректер де жиналды