Металлургтер күніне арналған «Балқаш металлургтері: табыс формуласы» қызықты кездесулер клубының отырысында бас қосқан Балқаш өңірі металлургиясының тарихы басталатын Қоңырат кен орнының ардагерлері - 50 жыл табан аудармай істеген кенші Тлеуғабыл Камбалов пен 46 жыл кеніште БелаАз алып машиналарының жүргізушісі болған Амангелді Жұмаділұлы Базарбаев, Мыс балқыту цехының ардагерлері - 45 жылдық еңбек өтілі бар балқытушы Айтбек Мұрақыпович Ақбергенов пен 46 жыл балқытушы болып істеген Махат Адамбаевич Арзымбетовтар еңбек жолдары жайлы естеліктерімен бөлісті.