А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілген «Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттер» лекциясында қазақ даласындағы мемлекеттіліктің алғашқы нұсқаларының пайда болу тарихы мәселесі көтерілді. Осы тұрғыда, Солтүстік Балқаш өңірін қазақ мемлекеттілігінің алғашқы нұсқаларының қалыптасуына әсер еткен шешуші оқиғалар орын алған мекен ретінде қарастыруға болады. Оған дәлел: өңірде орналасқан археологиялық ескерткіштер Бегазы, Қаражартас мавзолейлері(б.з.б.ХІҮ-ІХғғ.) мен ежелгі көшпелілер заманының алғашқы кезеңі(б.з.б. ҮІІІ-ІІІ ғғ.) тайпаларының элиталық тобының ескерткіштері – «мұртты қорғандар» лекцияда көтерілген мәселенің шешілуіне тірек болатын деректер болып саналады. ⁣⁣