«Бектауата – Сарыарқаның табиғи – мәдени феномены» тақырыбындағы ізденіс жұмысы жинақталып жазылуда.
Ғылыми жұмыс үш тараудан тұрады,бірінші тарауда Бектауата атауының шығу тарихы,аңыздары және таулы аймақтың геологиялық құрылымы жайында қысқаша деректер көрсетілген. Екінші тарауда Бектауата сан алуан флора мен фаунаның түрлері,сирек кездесетін өсімдіктерімен жан жануарлары, сондай-ақ осы өңірде таралған тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау,сақтау жөнінде нақты деректер көрсетілген.Үшінші тарауда Солтүстік Балқаш өңірі Бектауата аймағында туризімді дамыту жолдары қарастырылған.