Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі ҚР-ның тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай жыл бойына жоспарланып, әр сайын жарыққа шығып отыратын⠀ «Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған» жобасының кезекті бейнешығарылымын ұсынады. Жобаның қазан айындағы саны қаламызда тәуелсіздік жылдарында балқаштықтардың денсаулығы мен демалыс күндерін тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін мақсатта⠀пайда болған көптеген⠀көпшілікке қызмет көрсету мекемелерінің арасындағы бірегейі - 2018 жылы пайдалануға берілген⠀«Ақ теңіз» спорттық кешенінің қазірше шағын тарихына арналады