14⠀қазанда Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани келісім» күніне орай⠀Балқаш көпсалалы колледжінің⠀студенттерінің қатысуымен⠀«Дін және жастар» тақырыбындағы қызықты кездесулер клубының отырысы⠀болып өтті. Кездесуге арнайы шақырылған Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы⠀Валиев Ахмадулла⠀жасөспірімдерге ислам дінінің тән мен жан тазалығын сақтап, адам тәрбиесіндегі⠀адамгершілікті⠀ту етіп ұстауға үндейтін ізгілікті⠀рухани ұстанымы жайлы тәлімі мен тәрбиесі мол әңгіме айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.⠀Музейдің аға ғылыми қызметкері Д.А. Қожақовтың⠀Қазақстандағы діни ахуалдың бірнеше ғасыр аралықтарындағы тарихы, оның ішінде⠀тәуелсіздік жылдарындағы ата дініміздің еліміздегі қоғам санасын ізгілендірудегі ролін қалпына келтіру мақсатында істеліп жатқан жұмыстары жайлы мәліметтері де қызығушылық тудырды.